Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Базарда зейнеткердің азық-түлік салынған сөмкесін ұрлап кетті

Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері зейнеткерге ұрланған заттарын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйек күні Қарағанды обылысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне қаладағы базарлардың бірінде белгісіз азамат зейнеткерден азық-түлік салынған сөмкесін ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция наряды жіберілді. Полиция қызметкерлерімен металлургтер қаласына жақын маңда орналасқан ауылдан келген 61 жастағы зейнеткер азаматшаның белгісіз біреуден жәбір көргені анықталды. Азаматша базардан азық-түлік алып тұрып, назарын басқа жаққа аударғанда белгісіз біреу сөмкесін ұрлап кеткенін айтқан.

Зейнеткер қалтасында бар соңғы 2 500 теңге ақшасын тамақ алуға жұмсаған.

Полиция қызметкерлерімен базардың ішінде жүргізілген жедел жұмыстары барысында қолында сөмкесі бар, әлде біреуден автобус аялдамасына қарай қашып бара жатқан азамат күдікке ілінген. Патрульдік полиция қызметкерлері күдікті ретінде 62 жастағы қала тұрғынын ұстап, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 187-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру