Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық жанжалға байланысты шақыруға келген полицейлер тұрғынның үйінен көкнәр тапты

Кентауда отбасылық жанжалға байланысты шақыруға келген полицейлер тұрғынның үйінен көкнәр тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, отбасылық жанжал туралы шағымданды. Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторлары үйдің ішінен есірткіге ұқсас өсімдікті байқайды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырды.

Тексеру кезінде жедел уәкілдер, тұрғынның ас үйінен құрамында есірткі заты бар 8 түп өсімдікті тапты. Полицейлер заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. Бұдан әрі қарай оқиғаға байланысты толыққанды тексеру жүргізу үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру