Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы үш мыңнан астам азамат Алматыдағы полиция кеңселеріне жүгінді

Өткен жылы үш мыңнан астам азамат Алматыдағы полиция кеңселеріне жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылы Алматы полициясының әкімшілік ғимараттарына кіреберіс жеріне фронт-кеңселер салу туралы шешім қабылданды.

– Фронт-кеңселерде келушілерге жайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Келушілер үшін консультанттардың қатысуымен заманауи қабылдау ұйымдастырылған, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік полиция қызметкерлерімен ашық кабиналар ұйымдастырылған, мұнда азаматтар сұрақтарына сауатты жауап ала алады, өтініш бере алады немесе түсініктеме алады. Фронт-кеңселерде күту залы, консультативтік аймақ және бақылау-өткізу пункті, дәретханалар бар. Егер келушіде кезекшінің жұмысы туралы шағым болса, ол меншікті қауіпсіздік Басқармасына жүгіне алады. Азаматтар енді көшеде ұзақ күтпейді, білікті көмек оларға қысқа мерзімде және қолайлы жағдайда көрсетіледі. Бұл Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында айтқан сервистік модельге жүйелі түрде көшу, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.

Алматы тұрғындары уақытылы қабылдау жұмыстарын оң бағалады, бұл жаңашылдықты тұтынушылардың назарын дұрыс бағытпен байланыстырды.

Блиц – сауалнама:
– Идеясы жақсы. Қазақстан азаматтары үшін өте ыңғайлы.
– Әр түрлі жағдайдағы, әр түрлі жастағы адамдар келе алады, сондықтан, әрине, клиентке бағытталған мұндай тәсіл, қарапайым адамға деген бағдар – өте маңызды.
– Менің ойымша, адамдар келеді. Негізі жақсы идея.
– Үкімет біз туралы ойлайды деп ойлаймын. Біздің Президентіміз де. Ол бізді жақсы өмір сүрсін деп тырысады. Егер бұл жасалған болса, онда ол халық үшін деп санаймын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру