Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отырар ауданында қылмыс саны 19 пайызға азайды

Отырар ауданында қылмыс саны 19 пайызға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сəйкес, Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы Ермек Өсербаевтың төрағалығымен бөлімнің мəжіліс залында карантин режимі сақтала отырып, 2021 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Ауданның бас полицейі өз есептік баяндамасында:

– Жалпы жыл басынан бері төрт ай ішінде полицейлердің нәтижелі жұмысының арқасында аудан аумағында қылмыс санының 63-тен 51-ге, яғни 19 пайызға төмендеді. Ал аса ауыр қылмыстар 50 пайызға, онша ауыр емес жане ауырлығы орташа қылмыстар 42,2 пайызға азайған. Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі 58,6 пайызға кеміген. Сонымен қатар, полицейлердің профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың төрт айында денсаулыққа ауыр зиян келтіру, пəтер ұрлығы, бұзақылық, қарақшылық, тонау, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алмаған. Тергеу саласы бойынша 27 қылмыстық іс өз мерзімінде сотқа жолданды, – деп Отырар ауданында жеке құраммен атқарылған жұмыс көрсеткіштеріне тоқталды.

Оған қоса жиын барысында өздерінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, атқарған адал қызметі мен үлгілі тәртібі үшін Отырар АПБ-ның бірқатар білікті де білімді қызметкерлері марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру