Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құдалық өткізгендер анықталды 

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 22 мамырында сағат 13:49-да аудан аумағында орналасқан “Тұмар” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, бірінші қабатта – 30, екінші қабатта 100 адамнан асатын “Құдалық” той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізгендерден түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру