Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отырарлық полицейлер жүргізушінің телефонын жымқырған жолаушыны ұстады

Отырарлық полицейлер жүргізушінің телефонын жымқырған жолаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша Opel vectra көлігінде Samsung A-11 телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 80 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде, күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті ер адам жүргізушінің көлігіне жолаушы болып мінеді. Көлігінің артқы орындығында тұрған телефонға көзі түседі. Жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұрлық қылмысын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып жібермек болған.

Алайда тәртіп сақшыларының тиянақты жұмысының арқасында күдікті дер кезінде құрықталды. Ер адамнан айғақты зат ретінде телефон алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру