Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пәтер алуға көмектесемін”: Шымкентте полицейлер тұрғынды алдаған алаяқты анықтады

Полицейлер “пәтер алуға көмектесемін” деп шымкенттікті алдаған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам мемлекет тарапынан жағдай төмен отбасыларға пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 400 мың теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін кері қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру