Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пәтер алып беремін”: Шымкент тұрғынын танысы алдап кетті

Шымкентте тұрғынды 300 мың теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы аз мерзімде пәтер әперемін деп сеніміне кірген. Сондай-ақ, құжаттарды рәсімдеу үшін 300 мың теңге керектігін айтып, есепшотына аудартып алған. Алайда арада уақыт өте телефон қоңырауларына жауап бермей, не ақшасын қайтармай “ізін суытқан”.

Хабарды алған Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат тұрғыннан алаяқтық жолмен алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру