Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 1 мыңнан астам автокөлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысында бір мыңнан астам автокөлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ағымдағы жылдың түрлі құқық бұзушылықтар үшін арнайы айыппұл тұрағына 1 314 көлік қойылды. Тек соңғы тәулікте 11 автокөлік айыптұраққа қойылды. Олардың ішінде алты жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, үшеуі құжатсыз, тағы екі адам – жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жүргізуші куәлігі мүлде жоқ болды, – деді Павлодар облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, сағат 04:15-те Ткачев көшесі, 24/2 жанында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі мас күйінде болды, оны медициналық куәландыру қорытындысы растады. Сондай- ақ жүргізуші 2018 жылдың қыркүйек айында көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жүргізуші жауапқа тартылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сол күні сағат 20:30 шамасында тәртіп сақшылары Audi 80 автокөлігін тексеріп, жүргізушінің басқару құқығы жоқ екені анықталды. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру