Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 10 шетелдікке қатысты елден шығарып жіберу туралы шешім қабылданды

Павлодар облысында 10 шетелдікке қатысты елден шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полицейлердің жұмылдыру топтарының күшімен облыс аумағында орналасқан 900-ден астам шаруа қожалықтарын немесе олардың жалпы санының 40%-ын пысықтау жүзеге асырылды. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде аулаларды және пәтерлерді аралау жүргізіледі, болу мерзімдерін бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында жеке тұрғын үй секторын, саяжай алқаптарын, жатақханаларды тексеруге ерекше назар аударылады, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Екі күн ішінде көші-қон заңнамасына қатысты 191 бұзушылық анықталды, оның 113-ін шетелдіктер, 78-ін Павлодар облысының тұрғындары жасады. 10 шетелдікке қатысты елден шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, бесеуіне әкімшілік қамауға алу қолданылды, қалғандары айыппұлдарға сотталды.

– “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы профилактикалық сипатқа ие және шетелдік азаматтардың өмірін нашарлатуға бағытталған емес. Біздің шаралар еліміздің заңдарын құрметтемейтін және қазақстандықтардың қалыпты өміріне кедергі келтіретін шетелдіктерге төзбейді, – деп түсіндірді Арман Уәлиев.

64 шетелдікке Қазақстанда болудың құқықтық мәртебесін реттеуге жәрдем көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру