Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында балағат сөздер айтқан тұрғындар жауапқа тартылды

Павлодар облысында балағат сөздер айтқан тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқа да осыған ұқсас басқаларға құрметсіздік білдіру іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзады.

Мысалы, Ертіс ауданында ауыл тұрғынынан жұмыста болған кезде оған өрескел, балағат сөздер айтқан әріптесіне шара қолдану туралы өтініш келіп түсті. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жағдай Ақсу қаласының емханасында балағат сөздер айтқан 23 жастағы азаматқа қатысты шаралар қабылдау туралы дәрігер өтінішімен жүгінді. Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.

– Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Осы баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделеді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру