Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында елде болу ережелерін бұзған 102 шетелдік анықталды

Павлодар облысында елде болу ережелерін бұзған 102 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында 10 қазаннан бастап Павлодар облысының аумағында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Аталған іс-шараны өткізу барысында полицейлер 153 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 102 шетелдік елде болу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

– Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерді жұмысқа тартқаны үшін 9 жұмыс беруші жазаланды. Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұсталған екі шетелдік қабылдау-орналастыру орнына орналастырылды. Елде 71 шетелдік азаматтың болу мерзімі қысқартылды. Сот 14 шетелдікті елден шығару туралы шаралар қабылдады, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Мәселен, 10 қазанда Павлодар қаласының Баян батыр көшесінде салынып жатқан үйде көші-қон қызметі құрылысшы ретінде еңбек еткен Өзбекстан Республикасының 6 азаматын тиісті рұқсатсыз ұстады.

Аталған шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлімі бойынша, ал жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру