Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын құрықтады

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясының қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтары мен ҚР ІІМ кураторларының көмегімен жүргізді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың 5 пәтер ұрлығына қатыстылығы анықталды.

– Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үй иелерінің бар-жоғын тексергеннен кейін, олар кілтті таңдау арқылы тұрғын үйге кірді. Байқатпай алып кетуге болатынның барлығын алған. Бұл алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Соңғы қылмыс қаланың Алмалы ауданында тіркелді. Ұрылар пәтерге кіргеннен кейін алтын мен техниканы алып шыққан. Материалдық шығын – 1 млн теңгеден астам. Күдіктілерден ұстау кезінде алтын бұйымдар мен екі ноутбук тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іске тіркелді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктілер – 32 жастағы Б.есімді азамат және 30 жастағы С.есімді азамат Алматы облысының тумалары, олар бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру