Павлодар облысында кезекті мас жүргізуші анықталды
Павлодар облысында кезекті мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қарашада сағат 22.40 шамасында кезекті патрульдеу кезінде Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ВАЗ-21053 автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде және көліктің 41 жастағы жүргізушісімен әңгімелескенде ол мас күйінде екені анықталды. Мұны медициналық тексеру де растады. Ауыл тұрғыны мойындады.
Сонымен қатар, бұл ер адамның жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
Павлодар облысының аудандық соты жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыру тағайындалды.