Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында Nissan автокөлігінен 25 келі балық табылды

Павлодар облысында Nissan автокөлігінен 25 келі балық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында “Ленин-Русская Поляна” автожолында полиция қызметкерлері Nissan маркалы автокөлікті тоқтатты, оның салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған. Тексеру кезінде автокөліктен балық аулауға тыйым салынған қытай өндірісінің моно-торлары, сондай-ақ жалпы салмағы шамамен 25 келі болатын балық салынған сөмкелер табылды.

Ер адамдар Ертіс өзенінің “Тентек” арнасынан балық аулаудан келе жатқанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әрбір балықшыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

Сондай-ақ, балық аулау құралдары – моно-торлары, қайық, нейлон торы және ауланған балықтары заттай дәлел ретінде алынды.

Осыған ұқсас факті “Ленин-Курчатов” автожолында Ақсу қаласының патрульдік полициясы взводының қызметкерлерімен анықталды. Мұнда балық аулау ережелерін бұзғаны үшін қаланың екі тұрғыны ұсталды, заттай дәлел ретінде олардан резеңке қайық, моно-тор және салмағы 188 келі болатын ауланған балық тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру