Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” ЖАШ: Қарағанды облысында 260 мыңнан астам пәтер тексерілді

Қарағанды облысында “Учаске” ЖАШ кезінде 260 мыңнан астам пәтер тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында 1 қыркүйектен бастап “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. 27 қазандағы жағдай бойынша көпқабатты үйлердегі 260 280 пәтер, сондай-ақ 83 264 жеке үй тексерілді. Заңсыз жалға берілген 267 пәтер анықталды.

Тұрғылықты жері мен жұмысы жоқ 182 адам ұсталып, оның 64-і қабылдау-бөлімшесіне орналастырылды. ЖАШ барысында құқық бұзушылық жасағаны үшін 581 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жеті тұлға анықталып, есепке алынды.

Сондай-ақ 10 421 атыс қаруының иесі тексерілді. Оның ішінде 109 қаруды сақтау ережесін бұзу және қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімін бұзуға қатысты 40 факті анықталды. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруды сақтаудың 22 фактісі анықталып, 97 патрон тәркіленді.

Балқашта тіркелмеген үш миссионердің іс-әрекеті тоқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру