Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында рұқсатсыз жолаушыларды тасымалдаған жүргізуші анықталды

Павлодар облысында рұқсатсыз жолаушыларды тасымалдаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері Успен ауылының тұрғыны жолаушыларды рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағанын анықтады.

– Көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автомобильдер арасында апаттылықтың алдын алу мақсатында біз “Такси” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткіземіз. Кеше біз мессенджердің көмегімен WhatsApp тобында жолаушыларды жинап, содан кейін адамдарды “Успенка-Павлодар” бағыты бойынша белгіленген сомаға тасымалдаған жүргізушіні анықтадық. Тексеру барысында ер адамның рұқсат құжаттары жоқ екені белгілі болды, – деді Павлодар облысы Успен ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.

Сондай-ақ, ол ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБК 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру