Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында табыншы 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында табыншы 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында табыншы 2017-2020 жылдар аралығында 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілініп, ұсталды.

– Павлодар облысында 2017-2020 жылдар аралығында жеке пайда түсіру мақсатында және пайдакүнемдік ниетпен Ертіс ауданы Ағашорын ауылының еркін жайылуынан 36 бас жылқы ұрлаған ауыл тұрғыны мал ұрлады деген күдікпен анықталып, ұсталды. Бұдан басқа, табыншы кейбір мал иелерінен осы малдың өлгені туралы хабарламай, ақысын алуды жалғастырды, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бөлігі 3-бөлімі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ер адам 2017-2020 жылдар аралығында ұрлықтың 13 фактісін жасады деп күдіктелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру