Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мигрант” іс-шарасы: Жамбыл облысында 400-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды

Жамбыл облысында 400-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 7-16 маусым аралығында “Мигрант” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты – ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып табылады.

Рейдтік іс-шара өткізілген жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 384 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған Қазақстан Республикасының 164 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанның 15 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының талаптарын бұзып, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін хаттамалар толтырылды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан 62 шетелдік азамат шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру