Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ювеналдық полицияның профилактикалық жұмысы күшейтілуде

Павлодар қаласы ПД Солтүстік полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы, полиция майоры Ерлан Қалқамбеков ішкі істер органдарында 18 жылдан бері қызмет етіп келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның 12 жылдан астам уақыты жасөспірімдермен жұмысқа арналған.

Инспектордың айтуынша, бұл сала үлкен мұқияттылық пен шыдамдылықты талап етеді. Күнделікті ол мектептерде профилактикалық кездесулер өткізіп, мұғалімдер мен психологтармен бірлесе жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар есепте тұрған отбасыларды аралап, кәмелетке толмағандар қатысқан құқық бұзушылықтар бойынша шара қабылдайды.

– Жасөспірімдермен жұмыс – тек бақылау емес, ең алдымен түсіндіру. Балалардың психологиясын ескеріп, олармен дұрыс тіл табысу маңызды, – дейді Ерлан Қалқамбеков.

Оның сөзінше, жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүруі. Заңға сәйкес, 23:00-ден 06:00-ге дейін балалардың сыртта жүруіне тыйым салынған.

Қызметкер үшін ең басты нәтиже – жазаланғандар саны емес, жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттап, олардың болашағына оң ықпал ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру