Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші көліктің капотына досын отырғызып, дрифт жасаған

Павлодар облысында жүргізуші көліктің капотына досын отырғызып, дрифт жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын @dp_pavlodar дирекциясына бей-жай қарамайтын азаматтардан жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнелер мен фотосуреттер түседі. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы тағы бір бейне полицияға түсті.

– Жұмыс нәтижесінде 1 қаңтарда Май ауданы ауылдарының бірінде жүргізуші ауыл тұрғынына капотта жатып автокөлікпен жүруге рұқсат бергені анықталды. Сонымен қатар ВАЗ-2112 автокөлігін басқарған жүргізуші де өз көлігімен дрифт жасаған. Жүргізуші өзінің рұқсат етілмеген әрекеттерімен басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Апатты жағдай туғызған жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру