Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 37 велосипед ұрлығы тіркелді

Павлодар облысында жыл басынан бері 37 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көбіне велосипедтер қайта сату мақсатында немесе бұзақылық ниетпен ұрланады.

– Жыл басынан бері облыс аумағында 37 велосипед ұрлығы тіркелді. Мысалы, 28 мамырда полицияға 51 жастағы азамат келіп, үйдің кіреберісінде қоймаға заңсыз кіру арқылы құны 283 мың теңге болатын велосипед ұрланғанын мәлімдеді. Полиция ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 37 жастағы павлодарлықты ұстады. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция кеңесі:

Сізде арнайы құлыптау құрылғысы болса да, велосипедті кіреберісте немесе түнде үйлеріңіздің жанында қалдырмаңыздар. Мүмкіндігінше велосипедті арнайы құлыптау құрылғысымен бекітіңіз. Велосипед бөлшектеріне сәуле кезінде көрінетін арнайы ультракүлгін маркермен белгі қойыңыз (аты-жөні, телефон нөмірі). Велосипед ұрланған жағдайда дереу жақын маңдағы полиция пунктіне немесе “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру