Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының ПД бастығы Ертіс ауданына барды

Павлодар облысының ПД бастығы Нұрлан Мәсімов Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұрлан Мырзаханұлы іссапар барысында аудандық полиция бөлімі бастығының халыққа есеп беру кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, онлайн форматта азаматтарды қабылдады.

Департамент бастығына Ертіс ауылының тұрғыны Виталий Горбунов кішкентай балалар жүретін көшелерде серуендеп жүретін қаңғыбас иттерге шағымданды. Жергілікті тұрғын балалардың қауіпсіздігі үшін  алаңдайтынын жеткізді. Мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болғандықтан, Виталий Николаевичке ветеринария органдарына жүгіну туралы бағыт берілді.

Қарлығаш Текжанова деген азаматша танысының орта мектепті бітіріп, тағдырын полициямен байланыстыруды жоспарлап отырғанын айтып, ішкі істер органдарына қызметке қабылдау шарттары туралы сұрады.

Игорь Анатольевич деген тұрғын өзіне қатысты жасалған алаяқтық фактісі бойынша жүгінді. Нұрлан Мырзаханұлы қылмыстық іс материалдарын қарап, тергеушіге тапсырма берді. Аталған өтініш бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан басқа, Нұрлан Мырзаханұлы Ертіс ауданы полиция бөлімінің учаскелік пункттеріне барып, учаскелік полиция инспекторларымен әңгімелесіп, олардың қызметін бағалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру