Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері арнайы оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Павлодар облысының полицейлері арнайы оқу-жаттығу жиындарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы жеке құраммен тұрақты негізде апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

– Оқу-жаттығу жиындары шеңберінде басқарманың инспекторлық құрамымен дене шынықтыру, атыс, тактикалық-арнайы, медициналық және психологиялық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, күрестің жауынгерлік тәсілдері пысықталады. Сабақтарды өткізу кезінде жедел жағдайдың күрделенуі және дағдарыстық жағдай туындаған кезде полиция қызметкерінің іс-әрекетіне, сонымен қатар, қызмет өткеру кезінде қажетті дағдыларды дамытуға басты назар аударылады, – деді Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов.

– Әр қызметкер кез-келген жағдайға дайын болуы керек, тек психологиялық көңіл-күйге ғана емес, сонымен қатар керемет физикалық және жауынгерлік дайындыққа ие болуы керек. Сабақтар жеке құрамның үйлестірілген іс-қимылдарын пысықтауды, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, бағыныштыларға міндеттерді нақты қоюды, жедел жағдайдың өзгеруіне дұрыс және тез ден қоюды, өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде кемшіліктерді анықтауды көздейді. Нақты өмірлі жағдайға жақын өткізілген мұндай сабақтар жеке құрамға оқу материалының тәжірибесін бекітуге мүмкіндік береді, – деп санайды полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру