Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері әскерден жалтарғандардың жауапқа тартылатынын еске салды

Павлодар облысының полицейлері әскерден жалтарғандардың әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскери міндет – бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өз елін қорғау жөніндегі міндеті мен азаматтық борышы, әскерге шақыру барысында қызметке жарамды деп танылған кейбір жастар әскери қызметтен жалтаруды жалғастырып жатыр.

Күзгі шақыруды бұзуға жол бермеу мақсатында полиция шақыру пункттеріне келуден жалтарған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметке дайындықтан жалтарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 650-бабы (Әскери қызметке даярлықтан жалтару) бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

– Әскери қызметтен қасақана жалтарушылар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 387-бабы (Әскери қызметтен жалтару) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, оған сәйкес 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту ,не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру