Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жолда қалып қойған көлік жүргізушісіне көмек көрсетті

Павлодар облысының полицейлері жолда қалып қойған көлік жүргізушісіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына аудан тұрғыны Әбілхан Әлібековтен Баянауыл ауданының полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.

– 18 ақпан күні сағат 19:40-та Екібастұз – Майқайың тас жолында кенеттен менің көлігім тоқтап қалды. Құрамында полиция қызметкерлері Дархан Сәрсембаев пен Дидар Нығмет болған 0630 полиция экипажы өтті . Полиция қызметкерлері бей-жай қалмай, өздері тоқтап, көмек ұсынды. Олар өз көліктерімен үйге дейін еріп барды, осылайша жолдағы төтенше жағдайды болдырмады. Күннің қараңғы уақыты болғандықтан бұл өте маңызды. Мен кәсіби және жанашыр жігіттерді жолда кезіктіргеніме қуаныштымын. Олар қиындыққа тап болғанымды байқап, көмек көрсеткендері, осы қызметкерлердің жоғары дайындығы мен олардың оң адамшергілік қасиеттерін көрсетеді, – деп хатта көрсеткен.

Облыстық полиция департаментінің басшылығы хаттың авторын белсенді азаматтық ұстанымы және полицейлердің жұмысын жақсы бағалағаны үшін риза.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру