Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғынының атынан алаяқ 3,7 млн теңгеге несие рәсімдеген

Қарағанды облысының тұрғынының атынан алаяқ 3,7 млн теңгеге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу ашық түрде құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып кеткенін айтқан. Кейін сол ұялы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы жәбірленушінің депозитінен 3,5 млн теңге ақша шешіп алынған. Сондай-ақ, араға бірнеше уақыт салып ұялы телефон арқылы жәбірленушінің атына жалпы құны 3 млн 750 мың теңгеге екі несие рәсімделген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191 (Тонау) және 188-баптарына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру