Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы бірқатар цифрлық жобаларды жүзеге асырып жатыр

Павлодар облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Вячеслав Ипатов құқықтық тәртіп органдарында жаңа технологиялардың қалай енгізілетіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында полиция бірқатар цифрлық жобаларды жүзеге асыруда. Құқықтық тәртіпті бақылау үшін облыста 60561 бейнебақылау камерасы орнатылған. Облыс орталығында бейнебақылауды ЖБО-ның 117 камерасы жүзеге асырады. Екібастұз, Ақсу және облыс аудандарында аумақтық бөлімшелердің кезекші бөлімдері мен учаскелік пункттеріне 437 бейнекамера шығарылды. ЖБО 14750 бейнебақылау камерасына, оның ішінде білім беру ұйымдарының 10407 камерасына онлайн қол жеткізе алады. Полицияның қызметтік үй-жайларында 2796 бейнебақылау камерасы орнатылған, жарақтандырылуы 100% құрайды. Бұл полиция жұмысының ашықтығын көрсетеді. Заңсыз жұмыс әдістері мен сыбайлас жемқорлық фактілерін, сондай-ақ басқа да түрлі құқық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті спикер.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің цифрлық жабдықталуы да жеке мәселе. Мәліметтер базасына және ақпараттық жүйелерге қосылған планшеттік құрылғылармен жеке құрамның 90% қамтамасыз етілген.

– Тағы бір жаңалық – қоғамдық орындарда орнатылған SOS дабыл түймелері. Олар төтенше жағдайлар туындаған кезде полицейлерді шұғыл шақыруға қызмет етеді. Қазіргі уақытта үш қалада және 10 аудан орталығында 38 шұғыл көмек шақыру құрылғысы орнатылған. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келетін болсақ, бұл сұрақ ерекше бақылауда, – деп атап өтті спикер.

Облыс мектептерінде 9278 бейнебақылау камерасы орнатылған. 356 мектеп дабыл түймелерімен жабдықталған. Полицияның кезекші бөлімдеріне 212 дабыл түймесі шығарылды.

Барлық мектептерде СМС-хабарлама немесе қоңырау арқылы дабыл сигналы туралы хабарлау бойынша күзет агенттіктерімен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Цифрландыру туралы айта келе, спикер азаматтардың өтініштерін мобильді қосымшамен қабылдаудың көп арналы жүйесін атап өтті.

Жыл басынан бері «Азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың көп арналы жүйесі» арқылы 22 өтініш тіркелді. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізу тақырыбы да қозғалды. Облыс аумағында 76 ЖЖЕ бұзушылықтарды тіркеу камерасына 46 жүйе орнатылған. Оракул, Zerek2, Кибер-Шериф, олар белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету фактілерін тіркейді.

– Жыл басынан бері заң бұзушылықтарды анықтау жүйелерімен шамамен 72 млн теңге сомаға 5336 ұйғарым тіркелді. Облыс әкімдігі тағы төрт “Кибер-Шериф” АӨК сатып алуға шамамен 139 млн теңге бөлді, – деп атап өтті Вячеслав Ипатов.

Кездесу соңында полковник жұмысты жаңғырту және техникалық базаны үнемі жаңартып отыру арқасында Ертіс өңірінің құқықтық тәртіп сақшылары бірыңғай нәтижеге – Павлодар өңірі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді жұмысты жүзеге асыра алатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру