Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясына тұрғыннан алғыс хат келді

Павлодар облысының полициясына тұрғыннан алғыс хат келді, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Успен ауданының Ольгино ауылының тұрғыны Әлем Мұхаметуали алғыс білдірді.

Ер адам Успен ауданының полицейлеріне оның құжаттары мен банк карталары бар портмонені табуға көмектескені үшін ризашылығын білдіреді.

Әлем Мухаметуали айтқандай, ол жақында портмоненің жоғалғанын анықтады, бірақ оны қай жерде жоғалтқанын білмеді. Сондықтан ауыл тұрғыны көмек сұрап полицияға жүгінді.

Ұзақ күтудің қажеті жоқ еді. Қысқа уақыттын ішінде тәртіп сақшылары ер адаммен байланысып, портмоне табылды деп қуанышты хабарды жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру