Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны Мәдениет үйінен 8 тонна көмір ұрлаған

Павлодар облысының тұрғыны Мәдениет үйінен 8 тонна көмір ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ауыл тұрғыны Шарбақты ауданы ауылдарының бірінің ауылдық Мәдениет үйінен белгісіз біреу 8 тонна көмір ұрлады, деген өтінішпен хабарлады. Полицейлермен жасалған іс-шаралар арқасында сол күні-ақ өтініш берушінің ауылдасы ұсталды, ұсталған адам кінәсін мойындады.

Оның айтуынша, ұрланған көмірді үйді жылыту үшін пайдалануды жоспарлады. Ұрланған көмір тәркіленді.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру