Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері еріктілерді марапаттады

Павлодар полицейлері еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық еріктілер күніне орай полиция департаментінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен Кудрявцева Екатерина, Кукса Юлия, Пол Наталья, Емьянов Иван, Пилищенко Вера, Чускаев Константин, Бочин Антон және Белова Елена марапатталды.

Тәртіп сақшылары бүгінгі таңда полицейлер жұмысының “сервистік” моделінің ажырамас бөлігі полицияның қоғаммен тығыз қарым-қатынасы екенін атап өтті.

– “VITA”, “Легион-14” және “Liderкz” еріктілері хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруде полицейлерге тұрақты негізде жәрдем көрсетеді, профилактикалық іс-шараларға, акцияларға белсенді қатысады. Жыл басынан бері волонтерлер хабар-ошарсыз кеткен 90-нан астам азаматты іздеуге қатысты, волонтерлердің тікелей қатысуымен жоғалған 70-тен астам азамат табылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Болат Нұрсейітов еңбек наградаларын табыс ете отырып, еріктілерге белсенді және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, барлығына денсаулық, амандық және қоғам игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, департамент пен волонтерлік ұйымдар арасында іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тиімді ынтымақтастықты, сапалы өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында меморандум жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру