Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жаңа танысының телефонын алдап алып кеткен азамат құрықталды

Елордада жаңа танысының телефонын алдап алып кеткен азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы азаматты анықтады.

Тергеу барысында жігіттің жәбірленушімен танысып, бірнеше күн бірге уақыт өткізгені белгілі болды. Қонақ үйге, көңіл көтеретін орындарға бірге барып жүріп, әйелдің сеніміне кірген күдікті VIVO телефонын уақытша пайдалану үшін алып, оны сатып жіберген. Келтірілген материалдық шығын 160 мың теңгеге жуық.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру