Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Павлодар облысында “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 22 алаяқтық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде павлодарлық жедел қызметкерлер ақпараттық желілерді пайдаланушыларға қатысты жасалған алаяқтықтың 22 фактісін анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер жоқ пәтерлерді жалға берген ер адамды анықтап, ұстады. Зардап шеккендердің “OLХ” қосымшасы арқылы ұзақ мерзімге жалға алу үшін пәтер іздегені анықталды. Жәбірленушілер алаяққа қоңырау шалып, пәтердің қосымша фотосуреттерін көргеннен кейін алдын ала төлем жіберген. Ақша аударғаннан кейін жәбірленушілер пәтер иесін таппай қалған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Павлодарлық жедел уәкілдер тұрғындарға SMS – хабарлама жіберіп, өзін түрлі ұйымдардың қызметкері ретінде таныстырып, қымбат гаджеттердің, тұрмыстық техниканың, автомобильдің ұтысы туралы хабарлаған тағы бір ер адамды ұстады.

Тек қана осы екеуінің құрған тұзағына 40-қа жуық павлодарлық түскен.

Балғабай Қапаров осы азаматтардың басқа аймақтардың аумағында жасалған алаяқтықтарға қатысы бар-жоғын анықтап жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру