Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған азамат көлік басқарып жүрген

Павлодар облысында бұрын көлік басқару құқығынан айырылған азаматтың қайтадан көлік басқарып жүргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ертіс ауданының полицейлері қызмет атқару кезінде Ертіс ауылының Қожаберген батыр көшесінде “ВАЗ-21020” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тиісті құжаттарын тексеру кезінде 36 жастағы жүргізушінің осыған дейін 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Полиция қызметкерлері аталған материалдың сотта қаралғанын, жүргізушіге 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру