Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қоқыс тастаған әйел жауапқа тартылды

Павлодарда қоқыс тастаған әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қаланы абаттандыру ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді.

– Мәселен, 2021 жылғы 28 маусымда сағат 15:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Павлодар қаласының Естай көшесіндегі 83/1 үйінің кіреберісінде құрылыс қоқыстары жатқанын анықтаған. Тұрғындардың айтуынша, қоқыс алты күн жатқан, оны ешкім шығармаған. Аталған бұзушылық үшін 63 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустам Серғазинов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 2 186 адамды жазаға тартты. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру