Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда құқық қорғау органдарына тіркеуге келмеген есептегі сотталған анықталды

Павлодарда құқық қорғау органдарына тіркеуге келмеген есептегі сотталған анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация және полиция қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында 14-23 наурыз аралығында Павлодар ауданының аумағында “Пробация” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

– Мәселен, Павлодар ауданының полицейлері 20 есепке алынған адамды тексерді, оның нәтижесінде, бір құқық бұзушылық анықталды. Сотталған пробациялық бақылау барысында бұзушылықтарға жол берді, өйткені бірнеше рет пробация қызметіне тіркелуге келген жоқ. Келмеу фактілері бойынша ер адам ештеңе түсіндіре алмады және тәртіп сақшыларына оның дәлелді себебі жоқ екенін айтты. Осыған байланысты пробация қызметінің шартты сотталуын жою туралы ұсынысты сот қанағаттандырды, 35 жастағы есептегі сотталған адам ұсталды, – деп хабарлады Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру