Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда студенттерге есірткінің салдары мен қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді

Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында студенттерге есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік және есірткі қолданудың салдары түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге Павлодар облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі Ирина Тиммргалиева қатысты. Полиция қызметкері студенттерге қылмыстық заңнама талаптары мен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. Сонымен қатар ойланбай жасалған әрекеттің адам өміріне әсер ететін салдарына тоқталды.

Павлодар қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы Алеся Ларина есірткі қолданудың медициналық және психологиялық салдарын түсіндірді. Мамандар тәуелділіктің адамның денсаулығына, жақындарымен қарым-қатынасына және қалыпты өмірге оралуына кері әсер ететінін атап өтті.

Кездесуге қатысқан "Асар" әлеуметтік оңалту бөлімшесінің еріктілері де өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар есірткі қолданудың салдары мен қылмыстық жауапкершілікке тартылу туралы өмірлік оқиғаларын айтып, бір сәттік қате шешімнің адамның бостандығынан және жақындарының сенімінен айырылуына әкелуі мүмкін екенін жеткізді.

Кездесу барысында жастарға есірткі мәселесінің нақты адам тағдырына әсер ететінін түсіндіру басты назарда болды. Мамандар студенттерді өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарап, кез келген жағдайда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру