Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда такси жүргізушісі есірткімен ұсталды

Павлодарда такси жүргізушісі есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында аймақтық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратқан деген күдікпен 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру кезінде таксиде жұмыс істейтін жас жігіт өзінің қаржылық жағдайын есірткінің заңсыз айналымы арқылы жақсартуға шешім қабылдап, ол үшін интернеттен “жоғары ақы төленетін жұмыc” туралы хабарлама тапқаны белгілі болды.

Күдіктіге Telegram Messenger арқылы есірткі жеткізушінің жұмыс істеу ережелері туралы толық нұсқаулықты алып, есірткісі бар түйіншектерді көрсетілген орындарға жасырын қаптамалар арқылы тарату қажет болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде іскер такси жүргізушісі ұсталды, оның көлігінің салонынан 20 түйіншек табылған. Түйіншектерге жүргізілген сараптамаға сәйкес синтетикалық есірткі екені дәлелденді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауда ұсталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру