Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаңа қоныстанушылар пәтер кіреберісіндегі құрылыс қоқысы үшін айыппұл төлемек

Павлодарда жаңа қоныстанушылар пәтер кіреберісіндегі құрылыс қоқысы үшін айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейде көрші пәтердегі жөндеу жұмыстары тек перфоратордың шуы ғана емес, сонымен қатар жиі – ауладағы құрылыс қоқысымен аяқталады.

Мысалы, Павлодарда Лермонтов көшесіндегі үйдің тұрғыны пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше ай бойы құрылыс қоқыстарын – ескі жақтауларды, түсқағаздардың қалдықтарын және плиткалардың сынықтарын баспалдақ алаңында қалдырған, бұнымен басқа тұрғындардың еркін өтуіне кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары бұзылды. 
Көршілер бірнеше рет ер адамнан кіреберістегі тәртіпсіздікті жоюды сұрады, бірақ оның уәделерінен мағыналы іс болмады. Содан кейін азаматтар полицияға жүгінуге шешім қабылдады.

– Аталған факті бойынша пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, енді жігіт айыппұл төлейді, – деп атап өтті Полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Ағымдағы жылы аймақ аумағында полицейлер абаттандырудың 5500-ге жуық бұзушысын анықтады.

Осыған ұқсас факт 27 қыркүйекте орын алды. И.Байзақов көшесіндегі үйде орналасқан жаңа пәтердің бақытты иелері құрылыс қоқыстары мен қораптарды габаритті тұрмыстық техникадан шығаруды ұмытып кеткен сияқты. Сондықтан абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жаңа қоныстанушылар жауапқа тартылды.

Полиция абаттандыру ережелерін сақтау қажеттігін еске салып, таза подъезде және таза аулада тұру – әркімнің құқығы екенін атап өтті. Егер Сіз құқығыңызды біреу бұзатынын байқасаңыз – бұл туралы полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру