Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жас жігіттер бойжеткен үшін төбелескен

Павлодар тұрғындары бойжеткен үшін төбелесіп, жас жігіттердің бірі ауруханаға түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 14 ақпанда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде “tipavlo” паблигінде Камзин көшесіндегі 160-үйдің кіреберісінде төбелес болғаны туралы бейнеролик жүктелгені анықталды.

– Төбелес туралы полицияға ешкім жүгінбеді, полицияны ешкім шақырған жоқ. Бірақ жарияланғаннан кейін бұл факт Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде төбелестің барлық қатысушылары анықталды. Мән-жайды анықтау барысында 21 және 23 жастағы азаматтардың бойжеткен үшін төбелескені белгілі болды. Соның салдарынан 23 жастағы азамат жарақат алып, ауруханаға түскен. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру)
бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 816 әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру