Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ЖШС қызметкері 24 млн теңгені талан-таражға салған

Павлодарда ЖШС қызметкері 24 млн теңгені талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полициясына ЖШС-нің директоры тауарларды ысырап ету фактісі бойынша жүгінді. Полиция қызметкерлері осы компанияның 26 жастағы сауда агенті 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін сеніп тапсырылған темекі өнімдерін ысырап еткенін анықтады.

– Қызметкер дүкендерден өтініштер жинады, тауарлар жеткізді, ал дүкендерден жиналған ақшаны ішінара бухгалтерияға тапсырды. Бір бөлігі өзіне қалды. Осылайша, төрт айда павлодарлық 24 млн теңге алды. Айта кету керек, жас жігіт – құмар ойыға тәуелді, ол фирманың барлық ақшасын жұмсап жіберген, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 31 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру