Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 2,5 млн теңгенің ағашын заңсыз кескен ЖШС анықталды

Жамбыл облысында 2,5 млн теңгенің ағашын заңсыз кескен ЖШС анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байзақ ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жергілікті ЖШС-нің бірінің жасыл желектерді заңсыз кесу дерегін анықтады.

Жоғарыда аталған ұйым су арнасын салу мақсатында уәкілетті органның рұқсатынсыз ағаштарды кесіп тастағаны белгілі болды.

Байзақ ауданының орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қорытындысы бойынша, мемлекетке келтірілген залал шамамен 2,5 млн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта кесілген ағаштардың көлемі 80 текше метрге тең.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Осы баптың санкциясы бойынша 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не мүлкі тәркіленіп, 40 тәулікке дейін тыйым салу түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру