Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қараусыз қалған малдың қауіптілігі туралы ескертеді

Павлодар облысының полицейлері өңір тұрғындарына қараусыз қалған малдың қауіптілігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жолдарда үй жануарларының болу жағдайларын және автокөліктердің олармен соқтығысуын болдырмау үшін малды еркін жаюға жол бермеу бойынша халықпен тұрақты негізде ақпараттық жұмыс жүргізеді.

– Қараусыз жүрген мал – бұл автомобиль қозғалысына үлкен кедергі. Қағып кету салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алып, мерт болады, адамдар мен жануарлар өледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жыл басынан бері өңір аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзудың 1300-ден астам жағдайы тіркелген.

21 сәуірде Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне мүйізді ірі қара малдың Моялды ауылының маңындағы жолдың бойында келе жатқандығы туралы қоңырау түсті. Осы хабарлама бойынша учаскелік инспектор жіберілді, ол жануардың иесін анықтады, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша хаттама толтырды.

Сонымен бірге полиция мал иелерінің немқұрайлы қатынасы көбінесе қайғылы салдарға әкелетінін айтады. Мал көбінесе жол-көлік оқиғаларына, зиянкестердің қылмыстық әрекетіне себеп болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру