Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Павлодарлық полицейлер мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының орталық көшелерінің бірінде қаланы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері тәлтіректеп әрең жүріп келе жатқан азаматты байқаған, оның қолында алкогольдік ішімдіктің бөтелкесі болған.

Құқық бұзушы өтіп бара жатқан адамдардың ескертулеріне әдепсіз сөйлеп, қоқан-лоққы көрсеткен.

Ұсталған азамат полицейлерден қашып құтылуға тырысып көрген. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ол  ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаю күйінде болған.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

“2020 жылдың 9 айында Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 6190 құқық бұзушы ұсталды”, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру