Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тәртіп сақшысы өз міндеттерін 17 жылдан бері адал атқарып келеді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Polisia.kz  сайтының редакциясы ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген полицейлердің бірі жайлы ақпарат ұсынбақ.

Қоғамда полицияда қызмет ету ер адамдарға арналған жұмыс деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Бірақ жұмыс күнінің ұзақтығы,тәуліктік кезекшіліктер, жоспардан тыс іссапарлар мен қызметтің басқа да қиындықтарынан қорықпайтын нәзік жандар  бұл көзқараспен түбегейлі келіспейді.  

Сөзімізге мысал ретінде Әсел Әбдірахманованы атап өтуге болады. Ол Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция  бөлімінің учаскелік инспекторлары тобының аға инспекторы болып жұмыс істейді. Әсел 17 жылдан бері өзінің кәсіби міндеттерін адал атқарып келеді.

Әсел Әбдірахманова ішкі істер органдарына 2004 жылы патрульдік полиция батальонының қызметкері болып кірген. 2016 жылдың наурыз айынан бастап күн сайын жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды және учаскелік полиция инспекторларының жұмысына жетекшілік етеді.

Ол өзінің өте бақытты екенін, сүйікті жұмысының тек рахат әкелетінін айтты. Отбасы мүшелері оның мамандығына құрметпен қарайды және оны мақтан тұтады.  Әселдің жолдас да тәртіп сақшысы болып табылады. Тимур Әбдірахманов ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етеді, ол қазіргі таңда  учаскелік полиция  инспекторы болып қызмет атқарады. Қызы Зарина 10-сыныпта оқиды және әрқашан анасына үй шаруасына көмектеседі.

Бос уақытында біздің кейіпкеріміз саяхаттағанды, жаңа орындарға барғанды, сурет салғанды ұнатады, спортпен айналысады.

Әсел Әбдірахманова мереке қарсаңында әріптестеріне олардың ең асқақ армандарының орындалғанын тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру