Павлодарлық тұрғыннан 77 қағаз бума есірткі тәркіленді
Павлодарлық тұрғыннан 77 қағаз бума есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора 2022» жедел алдын алу операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында сөмкеден өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар 77 қағаз бума табылып, тәркіленді.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге берілген заттар салмағы 30 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.