Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтар есірткіге қарсы күресуге арналған челлендж өткізді

Павлодарлықтар есірткіге қарсы күресуге арналған челлендж өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Аймақтық департаментінде атап өткендей, қоғам алдында қойған негізгі міндеттердің бірі – салауатты өмір салты ұстанымын қалыптастыру.

– Елдің болашағы жас ұрпақтың моральдық, рухани, физикалық және де қоғами саулығына тәуелді. Сол себепті жастар өз құндылығын бағалай білу, жоғары белестерді бағындыру керек, сондай-ақ нашар тәуелділіктеріне берік иммунитет болу қажет. Салауатты өмір салтын кеңейтіп, өсіп келе жатқан ұрпаққа есірткіге теріс қатынасты тәрбиелеу үшін облыс орталығында тақырыптық челленджді өтті. Көктем кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері, волонтерлер, салауатты өмір салтын ұстанатындар бірнеше километр қашықтықты жүгіріп өтті. Сонымен қатар, осы челленджге облыс оқушылары белсенді қатысты, – деді ведомство өкілі.

“Салауатты өмір салты – дені сау ұлт!” челленджін танымал спортшылар мен спорт мектептерінің өкілдері қолдады. Бүгін салауатты өмір салтын ұстауға және аймақ жастарына спортпен шұғылдануға кеңес беретін Иманбек Зейкенов және Заирбек челленджді қолдады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, осындай іс-шараларды жастармен өткізу – рухани-адамгершілік мәдениет пен азаматтық белсенділікті дамытады, сондай-ақ салауатты өмір салтының қалыптасуының бірде-бір құралы саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру