Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД дезинфекция күшейтілді

Қызылордада Полиция департаментінде дезинфекция шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде коронавирус инфекциясы пандемиясының жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 17.03.2020 жылғы №222 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды.

Жеке құрамның жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында Полиция департаментына қарасты ғимараттарына (кіре беріс, әжетхана, қол жуатын орындар) сұйық сабынмен және қолдарды залалсыздандыруға арналған антисептикалық ертінділермен, оларды орнатуға қажетті арнайы дозаторымен қамтамасыз етіліп пайдаланып жатыр.

Полиция қызметкерлерін  жеке басын қорғау мақсатында бірреттік медициналық маскалармен, қолғаптармен қамтамасыз етілді. Күнделікті ауыстырып кию талап етілді.

Барлық ғимараттарда күшейтілген санитарлық-залалсыздандыру тәртібін сақтау үшін ылғалды тазалау жұмыстарын (едендерді, есіктің тұтқаларын, жихаздар, терезе алды) жүргізуге құрамында хлоры  бар препараттары алынып, күніне үш рет дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Барлық қызметтіккабинеттердің терезелерін ашып кемінде үш рет желдетіледі. Ғимаратқа азаматтар кірген кезде өткізу пункттерінде қадағалау шаралары күшейтілді.

Әрбір қызметкерге короновирустан сақтану және алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, парақшалар мен жадынамалар таратылып ғимараттардың көрнекті жерлерге ілінді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру