Петропавл полицейлері 93 жастағы әжейді алдаған телефон алаяқтарын іздестіруде
Петропавл полицейлері 93 жастағы әжейді алдаған телефон алаяқтарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері қалалықтарды телефон алаяқтарының фактісі болуы мүмкін деп ескертеді. 22 шілде күні кешке қылмыскерлер 93 жастағы әжейді алдап соққан. Оның үй телефонына қоңырау шалып, немересін полицейлер алып кетті, мәселені шешу үшін 5 мың доллар төлеу қажет деп алдаған. Шошынған жәбірленуші өзінің жинаған 300 мың теңгесін ұсынған. Телефон арқылы сөйлескен адам, балконнан ақшаны бір адамға лақтыруын бұйырған. Зейнеткер алаяқтардың барлық айтқанын істеген. Артынан туыстарымен хабарласқаннан кейін ғана, алдаудың арбауына түсіп қалғанын түсінген, содан соң полицияға жүгінген. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Бұл қылмысты жасағандарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Самат Тастан. – Алдаудың мұндай жолын қаскөйлер ұялы телефондар болмаған кезде пайдаланған. Бүгінгі күнде телефон алаяқтары жоқ деп айтуға болады. Алайда, соңғы күндері Петропавлда бұрынғы схеманы іске асырудың екіншісі орын алды. Жуырда полицияға тағы бір зейнеткер жүгінді, оған да осы сияқты қоңырау шалған. Ол бірден туыстарымен хабарласып, алаяқтардың айтқан адамының амандығына көз жеткізгеннен кейін, полицияға болған жағдай туралы хабарлаған.
Тәртіп сақшылары қалалықтардан егде жастағы туыстарын қауіп туындау мүмкіндігі жайлы ескертулерін сұрайды. Осындай қоңырау түскен жағдайда жақындарымен хабарласып, полицияға жүгіну қажет.