Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері үйсіз адамдарды қабылдау-тарату орнына мыңнан астам рет жеткізген

Петропавл полицейлері үйсіз адамдарды қабылдау-тарату орнына мыңнан астам рет жеткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері белгілі тұрақты мекенжай жоқ тұлғаларды анықтау және арнайы орынға жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Облыс орталығында 1 қыркүйектен бастап белгілі тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған түнеу бөлімшесі жұмыс істей бастады. Үйсіз жүргендер суықта бұл жерді паналай алады. Бұл салқын тию салдарынан орын алатын жазатайым оқиғалардың қаупін төмендетеді, сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Күнделікті Петропавл қаласы ПБ қабылдау-тарату орнының іріктеу тобы бұл орынға 5-тен 10 адамға дейін жеткізеді.

Аталған жұмыс 20 қыркүйекте бастау алған республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде күшейтілді. Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жылу жолдары, кәріз құдықтары, жертөлелер мен қаңғыбастар жиі жүретін орындар тексерілуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары «102» арнасына немесе қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 телефоны бойынша келіп түскен қоңырауларға ден қояды.

– Жұмыс басқа қызметтермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда жүзеге асырылады. Белгілі тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдау-тарату орнына жеткізген кезде, олардан саусақ іздері алынып, фото және бейне есепке қояды, із-түзсіз жоғалғандар мен іздеудегі тұлғалардың тізімдері бойынша тексереді. Қыркүйек айының соңында СҚО бойынша ҰҚК мен СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауда өз елінде бірқатар мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін күдікке ілініп, іздеуге жарияланған Тәжікстанның 41 жастағы азаматы анықталып, елден шығарылды, – деді қабылдау-тарату орнының бастығы Болат Баймақанов.

Жалпы жыл басынан полицейлер белгілі тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдау-тарату орнына 1359 рет жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру